Бәс тігу мен құмар ойындар бір жылда 8,5 есеге көбейген
Өткен жылдың 9 айында сектордағы қызметтердің ең көп көлемі орташа компанияларға тиесілі болды
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер көлемі 456,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 есе көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Energyprom порталына сілтеме жасап.
Қызмет көрсету көлемі бойынша құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу қызметі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардан, сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызметтерден, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалау мен консультациялық қызметтерден кейінгі орында тұр.
Өткен жылдың 9 айында сектордағы қызметтердің ең көп көлемі орташа компанияларға тиесілі болды: 276,4 млрд теңге. Одан кейінгі орында шағын және ірі кәсіпорындар: тиісінше 163,1 млрд және 16,7 млрд теңге. Жеке кәсіпкерлерге тек 9,9 млн теңге тиесілі.
Ал бір жыл бұрын қызметтердің ең үлкен көлемі шағын компанияларға (38,1 млрд тг), одан кейін ірі (9,9 млрд тг) және орташа компанияларға (тек 5,8 млрд тг) тиесілі болған.