$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлем жоғалтқан табыстың 45%-ына дейін жеткізіледі – ЕХӘҚМ

Биыл зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21%-ға дейін көтерілді

Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлем жоғалтқан табыстың 45%-ына дейін жеткізіледі – ЕХӘҚМ

2023 жылы жұмыссыз қалуға байланысты әлеуметтік төлем мөлшері жоғалтқан табысының 45%-ына дейін жеткізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр БЖЗҚ, МӘСҚ, МАК және сақтандыру компанияларымен бірлесіп ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы іске асырылатынын және жүйеге қатысушылардың өсуі бойынша әрбір институт үшін KPI анықталатынын хабарлады.

Сондай-ақ жүйеге қатысу өтіліне байланысты зейнетақы және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы қабылданған зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табыстарының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. 2023 жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21%-ға дейін көтерілді. Кезең-кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізіледі, бұл өткен жылғы инфляцияны және оның кейінгі жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді. Дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жүргізілмек. Биыл жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жоғалтқан табыстың 45%-на дейін жеткізілетін болады», – деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.

Серіктес жаңалықтары