Республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Azattyq Rýhy

Көлік қозғалысы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында шектелді

Республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Фото ашық дереккөзден

Бүгін сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Алматы облысында жолдың нашар көрінуіне байланысты жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы шектелді: «Көкпек-Кеген-Түп» 0-72 км. Көкпек ауылы – Кеген ауылы учаскесі (көліктің барлық түрлеріне); «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 130-230 км. Байсейіт ауылы – Чунжа ауылы учаскесі (көліктің барлық түрлері үшін).

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жолдың бір учаскесінде көлік қозғалысы шектелді: «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» 6-166 км. Ушановское ауылы – Алтай қаласы учаскесі (көліктің барлық түрлері үшін).

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.