Ақтөбе облысында жолаушыға лық толы екі автобус жолда қалып кетті

Azattyq Rýhy

Құтқарушылар жолаушылар мінген автобустарды жылыту бекеттеріне жеткізді

Ақтөбе облысында жолаушыға лық толы екі автобус жолда қалып кетті
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында жолаушыға лық толы екі автобус жолда қалып кетті. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар жолаушылар мінген автобустарды жылыту бекеттеріне жеткізді.

Атап айтқанда, «Самара-Шымкент» тасжолының Ырғыз ауданы маңында жол бойында қалып қойған адамдар ауылдағы орта мектепке орналастырылды. Автобуста Қазақстанның үш азаматы мен Өзбекстан Республикасының 38 азаматы болды.

Мәлім етілгендей, Өзбекстан азаматтары мінген тағы бір автобус аталған трасса бойында қалып қойған.

«Самара-Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы маңында да автобус тұрып қалды. Онда 31 өзбекстандық болды. Құтқарушылар жолаушыларды Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырды. Негізі жол ауа райы қолайсыз болған соң жабылды. Сөйтіп адамдар жолда күтті. Бірақ жолаушылар автобусы үшін бұл қиын болып, адамдар жылыту бекеттеріне жеткізілді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.