09.01.2023, 10:39
Жаңалықтар
Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты 61 жол учаскесі жабылды
Қазіргі кезде 143 автокөлік жолдың ашылуын күтіп тұр
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда қарлы боран салдарынан көру деңгейі нашарлап, көктайғақ болып жатқандықтан және жол төсемін тазартуға байланысты тасжолдардың 61 учаскесі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты жабылған жолдардың ішінде 26-ы – республикалық маңызы бар жолдар.
Автокөліктердің жиналуы келесі өңірлерде байқалады:
- Астана – 8 бірлік техника;
- Астана-Щучинск – 8 жүк көлігі;
- Ақтөбе облысы – 30 көлік;
- Ақтөбе-Қарабұтақ – 30;
- Абай облысы – 85 автокөлік;
- Қалбатау ауылынан шығу – 46 автокөлік;
- Көкпекті-Қалбатау – 39 автокөлік;
- Павлодар облысы – 20 автокөлік:
- Шідерті-Қарағанды – 20 автокөлік.
Төтеншеліктердің айтуынша, елдімекендерден шыққан кезде барлығы 143 бірлік техника арнайы бекеттерде жолдың ашылуын күтіп тұр.
«Өткен тәулікте 37 адам эвакуацияланды және құтқарылды, оның ішінде 9 бала бар», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды