07.01.2023, 13:46
Жаңалықтар
Қостанайда мейрамхана алдына аза тұтуға арналған гүл шоғын қойған азамат жазаланды
Заң бұзушы бұл әрекетке досымен бәстескені үшін барған
polisia.kz
Қостанайда облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны тез тамақтанатын мейрамхананың жанына аза тұтуға арналған гүл шоқтарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, заң бұзушы бұл әрекетке досымен бәстескені үшін барған.
Қостанай қаласының Полиция басқармасы қала тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды. Сонымен қатар ұсталған кезде бұл азамат көлік құралын пайдалану ережелерін бұза отырып, автокөлікті басқарған. Жол ережесін бұзғаны үшін де ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты