07.01.2023, 13:10
Жаңалықтар
Бүгін түнде Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы апат болды
Осыған байланысты тұрғын үйлерге берілетін жылу көлемі күрт азайған
inbusiness.kz
Бүгін түнде Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы апат болып, бірнеше қазандық істен шықты. Осыған байланысты тұрғын үйлерге берілетін жылу көлемі күрт азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Таңертең екі агрегатор іске қосылды. Бірақ бұл үйлерді толыққанды жылытуға жеткіліксіз. Алайда жауапты мекеме жақын арада жағдай реттеледі деп сендірді. Сондай-ақ, жылу энергиясының төлемі қайта есептеледі.
«Қазіргі таңда жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кешке тағы бір қазандықты іске қосу жоспарда бар», - деді "Павлодарэнерго" АҚ директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты