07.01.2023, 11:22
Жаңалықтар
Қызылордада жаппай төбелес болып, 18 адам полицияға жеткізілді
Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері басталды
Фото ашық дереккөзден
Қызылордалық полицейлер шұғыл түрде жаппай төбелесті тоқтатты. Полицияға 18 азамат жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіге қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция нарядтарымен және жедел-тергеу тобымен төбелес тоқтатылды. Жедел ден қою шараларының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді