$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Соңғы 2 жылда 16 ЖОО лицензиясынан айырылды – Саясат Нұрбек

2023 жылдан бастап мемлекеттік бақылау моделі өзгереді

Соңғы 2 жылда 16 ЖОО лицензиясынан айырылды – Саясат Нұрбек
Фото ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген отырысынан кейін жоғары оқу орындарының лицензиясы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Университет лицензиясынан тек соттың шешімі арқылы айырылады. Конституцияға сәйкес, Үкімет, атқарушы билік соттың шешімін өзгерте алмайды. Бұл – Конституцияда бекітілген қағидат. Соңғы 2 жылда 16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды. Биыл 15 университет тексеруде тұр. Алайда 2023 жылдан бастап мемлекеттік бақылау моделі өзгереді. Осылайша, жаңа реттеу саясаты енгізіледі. Біз бұл мәселені мұқият қарастырамыз», - деді ол.

Саясат Нұрбек атағандай, университетті бұрынғыдай тез жабуға мүмкіндік болмайды.

«Себебі заңдағы принцип өзгереді. Бірақ бұл жұмысты жалғастырамыз. Президент нақты тапсырмалар берді. Оған қатысты саясат өзгерген жоқ. Сапасыз білім берген жоғары оқу орындарына қатаң реттеу принциптері қолданылады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде 5 жеке университетпен сот процесі жүріп жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары