Мерекелік демалыс: қазақстандықтар 2023 жылы қай күндері демалады
Биыл демалыс күндері азайған
2023 жылы қазақстандықтар ұзақ демалмайды. Себебі Жаңа жылға бар болғаны 3 күн демалыс берілді. Ал 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні бір күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Alau.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы Рождество мерекесі сенбі күнге сәйкес келгендіктен демалыс күні басқа күнге ауыстырылмайды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – бір күн демалыс, себебі ол сәрсенбіге түседі.
Наурыз мейрамына 3 күн демалыс беріледі: 21, 22 және 23 наурыз. Бұл мереке сейсенбі және бейсенбіге сәйкес келіп отыр.
Мамыр айында қазақстандықтарды 3 мереке мен 4 демалыс күні күтіп тұр:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке жексенбіге түсіп тұрғандықтан дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, екі күн атап өтіледі.
9 мамыр – Жеңіс күні сейсенбіге келеді.
2023 жылы Қазақстанда демалыс күндерінің ауысуына байланысты Елорда күні 6 және 7 шілде, кейін тағы 2 күн – сенбі және жексенбіге жоспарланып отыр. 1 шілде жұмыс күні болады деп күтіліп отыр.
30 тамызда бір күн демалыс. Биылғы Конституция күні сәрсенбіге келіп тұр.
25 қазан – Республика күні. Бір күн демалыс болып отыр.
Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне 3 күн демалыс болады: 16, 17 және 18 желтоқсан.