$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің қай өңірлерінде автожолдар жабық күйінде қалып отыр

Республикалық автожолдарда қар құрсауынан 220 көлік шығарылды

Еліміздің қай өңірлерінде автожолдар жабық күйінде қалып отыр
Фото ашық дереккөзден

Ауа райының жақсаруына байланысты республикалық автожолдарда жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған қарамастан Республикалық маңызы бар автожолдардың 20-дан астам учаскесі Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында жабық күйінде қалып отыр.

Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс бөлігін тазарту жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жол қызметтері көліктің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұл жұмысқа 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Бірнеше күнге созылған қолайсыз ауа райының салдарын жоюдан бөлек, жол қызметтері қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Мәселен, өткен тәуліктің өзінде республикалық автожолдарда қар құрсауынан 220 көлік шығарылды, онда 382 ересек және 35 бала болды.

Серіктес жаңалықтары