Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде қар, кей өңірде жаңбыр жаууы мүмкін
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады
Синоптиктер 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағы аумағы әлі де терең атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болатындықтан, жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын және тұман болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -1-3°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде шамамен 0, күндіз +7+9°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +6+8°С болады.