ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 678 адамнан коронавирус анықталды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 25 ақпан күні кей облыста тұман, көктайғақ болып, қатты жел соғатынын ескертті

Фото: mytaganrog.com

25 ақпан күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей аумағында тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

Маңғыстау облысының кей аймағында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақтау қаласында 25 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні күндіз 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Сондай-ақ, Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласында да тұман, көктайғақ болып, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.