01.01.2023, 13:16
Жаңалықтар
Ақтөбеде өрттен бір адам қайтыс болды, тағы бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтауда
фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе қаласында тұрғын үй өртеніп, бір адам қайтыс болды, тағы бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«1 қаңтар күні 01 сағат 13 минутта 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Өтемісова мекенжайында жеке үйдің жанып жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына 24 адам 4 техника жіберілді. Шақырту орнына құтқарушылар барған кезде жеке үйдің жатын бөлмесінде үй заттары өртенгені анықталды. Өрт 1 сағат 54 минутта ауыздықталды», - деп көрсетті Ақтөбе облысы ТЖД .
58 жастағы әйел адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды, 82 жастағы әйел адам жансақтау бөлімінде.
Өрттің жалпы ауданы 10 ш.м. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді