Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Фото: gas-kvas.com

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша алдағы үш күнге, 24-26 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады.

«Атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болып және жел күшейеді, 24 желтоқсанда республиканың солтүстігінде көктайғақ болады», - дейді синоптиктер. 

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде батыста 3-8 аяздан 8-13 аязға дейін, солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта 5-13 аяздан 10-25 аязға дейін төмендейді, шығыста 15-23 аяздан 10-18 аязға дейін ауытқиды, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-25 аяздан 0-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.