Қазақстандық бойжеткен Comedy Club шоуында қорланғанын айтты
Ол әзіл арқылы әйелдерге мизогиния мен буллинг жасалғанын айтты
Қазақстандық бойжеткен Балауса Төлеген ТНТ-дағы Comedy Club шоуының жүргізушісі Павел Воля тарапынан қорлық көргенін айтты, деп хабарлайды хабарлайды Azattyq Ryhy.
Ол бағдарламаның эфирінде қыздың суретін көрсетіп, оны «арман мен долбанко арасындағы нәрсе» деп атаған.
«Менің суретім қандай да бір жолмен Comedy Club-та көрсетілді. Сурет оларға қалай жеткенін білмеймін. Бұл бейнеде «біз сендерді жақсы көреміз» деген таптаурындар арқылы сексистік әзілдер айтылып, әйелдерді мазаққа айналдырды. Бұл шығарылымның қаралымы 3,5 млн-нан асты. Яғни ол арқылы қоғамда «мазақтауға болады» деген пікір қалыптасуы мүмкін», - дейді ол.
Ол жүргізуші оның әлеуметтік желілерде жариялаған 2018 жылғы суретін көрсеткенін атап өтті.