$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сәтбаев қаласында ЖЭО-ға «жарылғыш зат қойған» ер адам ұсталды

Ішімдік ішкен азамат энергетикалық нысанға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген

Сәтбаев қаласында ЖЭО-ға «жарылғыш зат қойған» ер адам ұсталды
фото: aikyn.kz

Сәтбаев қаласының полицейлері ЖЭО-на «жарылғыш зат» қойылды деп хабарлаған мас ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне, белгісіз біреуден жылу электр орталығында жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған энергетикалық нысанға келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері алкогольдік масаң күйде болған 27 жастағы ер адамды ұстады, ол кінәсін мойындады.

ЖЭО аумағында жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша жарылғыш зат табылмады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары