$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы күндері Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Алдағы күндері Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 22-24 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. 

«Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  көктайғақ болады. Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам бар», - делінген хабарламада. 

Синоптикалық процестердің тез ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгереді, атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасыны 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды. 

Серіктес жаңалықтары