21.12.2022, 02:02
Жаңалықтар
Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші мерт болды
Күдікті анықталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде
фото: baq.kz
Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апаты 20 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында Атырау қаласының Жұлдыз мөлтек ауданында орналасқан «Ботақаным» супермаркетінің маңында орын алған.
1997 жылы туған қала тұрғыны «Ваз 21101» автокөлігімен реттелмеген жаяу жүргіншілер өтпесімен өтіп келе жатқан жаяу жүргінші қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 1993 жылы туған жаяу жүргінші оқиға орнынан қаза тапты.
«Күдікті анықталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Атырау облысының Полиция департаментімен ҚК-тің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады