«Обал болды-ау»: Ерке Есмахан Криштиану Роналдуға қатысты ойын білдірді

Azattyq Rýhy

Ол Криштиану Роналдудың фотосын жариялап, қасына өзінің бет-әлпетін қосып қойған

«Обал болды-ау»: Ерке Есмахан Криштиану Роналдуға қатысты ойын білдірді

Белгілі әнші Ерке Есмахан әлем чемпионатының финалынан кейін португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға арнап хабарлама қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол Криштиану Роналдудың фотосын жариялап, қасына өзінің бет-әлпетін қосып қойған

«Мына бывшиымды да ойлап қоям, обал болды-ау деп. Мен қасында болғанда бәрі керемет еді, өзіңнен көр деп қатты кетсем. Не де болса тарихтасың, Криш!» - деп жазды әнші Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Португалия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Мароккодан 0:1 есебімен ұтылып, турнирден шығып қалған.

Ал өткен түнде Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы финалда Францияны жеңіп, өз тарихында үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.