$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балалар тәттілеріне азот диоксиді қосылған ба: мамандар пікір білдірді

Желіде улы затқа қатысты жалған ақпарат тарады

Балалар тәттілеріне азот диоксиді қосылған ба: мамандар пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Қазнет қолданушылары балалар тәттілеріне аса улы зат – азот диоксидін қосатыны туралы хабар таратып жатыр. Алайда мамандар бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетсек, азот диоксиді – иісі өткір қоңыр газ немесе сарғыш-қоңыр сұйықтық. Ол аса күшті тотықтырғыш саналады және сумен, жанғыш материалдармен және тотықсыздандырғыштармен әрекеттесіп, азот қышқылы мен азот оксидін шығарады. Азот диоксиді тамақ өнеркәсібінде мүлдем қолданылмайды. Тыныс алған жағдайда ол өкпеге зақым келтіруі мүмкін, ал жұтқан кезде ауыз бен тамақ күйіп кетуі мүмкін.

«Өнімнің кей түрін буып-түю үшін азотты қолдануға болады. Бұл азот диоксиді емес. Азот формуласы N, ал азот диоксиді NO2. Азот – түссіз улы емес газ. Ол Жер атмосферасының көп бөлігін құрайды. Біз тыныс алатын ауа 78% азоттан және тек 21% оттектен тұрады. Бұл азоттың қауіпсіз екенін дәлелдейді», - деп түсіндіреді мамандар.

Тамақ өнеркәсібінде азот E941 тағамдық қоспасы ретінде белгіленеді. Бұл газ печенье мен чипсы пакеттерін толтыру үшін қолданылады. Азот басқа тауарларды орау үшін де пайдаланылады. Ол өнімдердің бүлінуіне жол бермейді және олардың балғындығы мен түрін сақтауға мүмкіндік береді. 

«Демек, балалар тәттілеріне улы азот диоксидін қосады деген ақпарат – фейк. Азот диоксидінің иісі өткір және тыныс алған жағдайда, өкпеге зақым келтіреді. Азот диоксиді тамақ өнеркәсібінде қолданылмайды», - дейді сарапшылар.

Серіктес жаңалықтары