18.12.2022, 16:12
Жаңалықтар
ШҚО-да бораннан көлігіне жете алмай қалған балықшылар құтқарылды
Құтқарушылар тұрғындардан тәуекелге бармауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды
фото: baq.kz
ШҚО-да құтқарушылар бораннан өзінің көлігіне жете алмай қалған 3 балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ұлан ауданының "Сібе" көлінде қалып қойған 3 балықшы көмек сұраған.
«Белгілі болғандай, олар ақтүтек бораннан көліктеріне өздігінен жете алмаған. Оқиға орнына келген Ұлан ауданының ТЖ, 13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері сол жерге жаяу барып, үш адамды көл жағасына, олардың көлігіне жеткізді. Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Бозанбай ауылына дейін еріп жүрді», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)