Германияда жануарларды қорғаушылар жарылған аквариумның иесін сотқа бермек

Azattyq Rýhy

PETA жануарларды қорғау ұйымы осындай мәлімде жасады

Германияда жануарларды қорғаушылар жарылған аквариумның иесін сотқа бермек
Фото: Global Look Press/Annette Riedl

Германияда PETA жануарларды қорғаушылар ұйымының өкілдері Берлиндегі  Dom Aquaree қонақүйіндегі жарылған аквариумның иесін сотқа бермек. Бұл туралы Azattyq Ruhy Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«AquaDom ондағы тіршілік иелері үшін өлім тұзағына айналды. Қолдан жасалған бұл жағдай аквариумдар балықтар мен басқа да теңіз жәндіктері үшін қауіпті орын екенін көрсетеді» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар олар жарылған аквариумның орнына мемориал орнатуды ұсынып отыр.

«Біз Sea Life (AquaDom осы океанариум желісіне қарайды) қарсы сотқа шағым түсіру мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Бұған қоса Coral World компаниясының Лихтенберг ауданында аквариум тұрғызу жобасының бекітілмеуін талап етеміз», - деді Германиядағы РЕТА өкілі Петер Хёффкен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.