$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Колхозный вариант»: жеңіл атлетика федерациясының өкілі телеарна журналисін кемсіткен

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының журналисі Аслан Каженов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді

«Колхозный вариант»: жеңіл атлетика федерациясының өкілі телеарна журналисін кемсіткен
фото: facebook.com/ Аслан Каженов

«Хабар 24» телеарнасының журналисі Аслан Каженов Facebook-тегі парақшасында жеңіл атлетика федерациясының өкілі өзін кемсітіп, балағаттағанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Түрім колхозға ұқсап тұр ма? Неге үнемі өзге ұлт өкілдерінен осындай балағат естиміз? Бір емес, екі емес... Ана жолы Илья Ильин «низкий поступок» жасадың деп еді, енді Павел Кукин «колхозной вариантсың» дейді. Бұның шегі бар ма өзі?! Дәл қазір елорда төрінде Әмин Тұяқов атындағы жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс өтіп жатыр. Ести сала камерамды құшақтап жетіп бардым. Бір кезде қасымызға федерацияның өкілі келіп, «Әмин Тұяқовтан сұхбат жазасыңдар ма?» - деп сұрады. Иә, әрине. «Ендеше. Кеттік. Бірақ, курткаңды шешіп тасташы, колхозный вариант» деп қалды. Тоқта. Алдымен аты-жөні мен қызметін сұрадым. Айтпады. Одан кейін «Неге олай айтасыз. Сіз мені танымайсыз да. Сондықтан, кешірім сұраңыз. Мәселені жабамыз. Сосын, сұхбат алуға барамыз» - деп тұрып алдым. Цитата. Әдейі Сіз деген сыпайылықтан шықпадым және қолымды алып жүгірмедім. Ал, ол естімеген болды, елемен болды. Қысқасы, қателігін мойындап, сөзін қайтып алуға дәті бармады. Ішіндегі бірдеңесі жібермеді», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша кейін жеңіл атлетика федерациясынан бір қыз келіп, оның атқарушы директор екенін айтқан.  

«Мен осымен екінші рет тірі өлікке айналдым. Бірер ай бұрын Илья Ильин қазақ тілінде сұхбат сұрағаным үшін (онда да басқа адамнан) «низкий поступок жасап жатсың» деп еді. Енді бұл жолы Павел Кукин курткама қарап, «колхозный вариантсың» дейді. Екеуі де кешірім сұрамады. Екеуі де өз міндетін атқарып жүрген қазақ журналиске тіл тигізді. Тіпті, соңында, керісінше, өзімді қорқытқысы келеді. Енді өз-өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Біз колхозбыз ба?! Менің миыма біреуге осылай айту деген ой ешқашан кірген емес. Неге мені көргенде оларда осындай ой пайда болады? Мен қашанғы осылай моральдық зәбір көріп, Қазақстанда қазақ болғаным үшін өзімді төмен ұстауым керек? Олардың сөзін неге көтеруім керек? Неге көндігуім керек?», - делінген жазбада.

Сонымен қатар журналист бұл жолы жайдан-жай қалдырмайтынын және қазақ тілді журналистерді көргенде ешкім «колхоз» деп айту түгіл, ойлауға да қақы жоқ деген ойын айтты.

Серіктес жаңалықтары