$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иран БҰҰ-ның әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясынан шығарылды

Дауыс беру АҚШ-тың бастамасымен өтті

Иран БҰҰ-ның әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясынан шығарылды
Фото: ашық дереккөзден

БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі Иранның әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиядан 2026 жылға дейін шығарылуына дауыс берді. 29 ел жақтап, 16-сы қалыс қалды. Боливия, Зимбабве, Қазақстан, Қытай, Нигерия, Никарагуа, Оман және Ресей қарсы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Дауыс беру АҚШ-тың бастамасымен өтті. Бұл ұсынысты Иран қатаң сынға алып, оны заңсыз деп атады.

БҰҰ Тегеранды әйелдердің құқықтарын, соның ішінде сөз бостандығы құқығын бұзды және үкіметке қарсы наразылықтарды заңсыз тоқтатты деп айыптады.

Ирандағы наразылық қыркүйек айының ортасында хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынған Махса Амина қайтыс болғаннан кейін басталды. Көп ұзамай акциялар бүкіл елге таралды.

Серіктес жаңалықтары