$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Фото: zakon.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

15 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы мұражайда «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді.

15 желтоқсан – Ғалымдар үйінде қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция болады.

16 желтоқсан – Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүлшоқтары қойылады.

17 желтоқсан – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылады.

Серіктес жаңалықтары