$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым аумағында күн ашық әрі аязды болады

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін еліміздің басым аумағында күн ашық әрі аязды болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР аумағының басым бөлігіне антициклон әсер ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаяу бұрқасынмен қар, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, оңтүстікте тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал және оңтүстік-батысында жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -14-16 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -9-11, күндіз 0-2 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз +3+5 градус болады.

Серіктес жаңалықтары