«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесі талқыланды
Цифрландыру комитеті ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді ортаға салды
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Цифрландыру комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиында ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың маңызы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Экономиканың тірегі саналатын агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру – ел табысын еселей түсуге көмек береді. Бүгінде дамыған елдердің басым бөлігі бұл салада әлдеқайда алға озып, цифрлы технологияның игілігін барынша көріп отыр.
Ауыл шауашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында саладағы қазір жұмыс істеп тұрған жобалар таныстырылды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне несие беру, өнімдерді жинау, техникамен қамтамасыз етілу және басқа да мәселелер талқыланды.
Бұдан бөлек жиында ауыл шаруашлығын цифрландыру бағытында қиындық тудыратын өзекті мәселелер қаралды.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын цифрландырудың бүгінгі деңгейін бағалауды жеңілдету үшін арнайы шкала әзірленді, соның арқасында кез келген ауыл шаруашылығы кәсіпорнының бастапқы нүктеден цифрлық фермаға дейінгі жолы барынша ашық ақпарат түрінде қолжетімді.