Азаматтық авиация комитеті «Bek Air» ұшағының Алматыға қонғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Azattyq Rýhy

Ұшақтың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені белгілі болды

Азаматтық авиация комитеті «Bek Air» ұшағының Алматыға қонғаны туралы ақпаратқа жауап берді
Фото ашық дереккөзден

Журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында лицензиясынан айырылған Bek Air компаниясының ұшағы Алматыда қонғаны туралы ақпарат жарияланды. РК8265 бортын Flight Radar арқылы көрген. Фоккер-100 Алматы қаласына ұшып келген. Алайда Азаматтық авиация комитеті Flight Radar арқылы тіркелген ұшақтың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Бірақ мәселе мынада, "Бек Эйрге" рейс орындауға тыйым салған, үш жылдай болып қалды. Мен әуе компаниясының иесі Нұрлан Жұмасұлтановқа хабарластым. Ол лицензияның кері қайтарылғанын растады. Ұшу куәліктері де тоқтатылған. Сонда "Бек Эйр" болып кім ұшқан? Тағы Қырғызстаннан келген террористер емес пе? ", - деп жазды Козачков.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің азаматтық авиация комитеті шұғыл желіде жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді.

"Михаил Козачковтың әлеуметтік желілерде жариялымына қатысты РК8265 бортының ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін хабарлаймыз. "Қазаэронавигация" РМК "Бекэйр" әуекомпаниясына бұған дейін тиесілі әуе кемелерінің ұшуын тіркеген жоқ", - делінген ресми хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.