БҚО-да субсидияны туыстарына заңсыз аударып жіберу фактілері анықталды
Жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында 350 шаруа қожалығына субсидия бойынша құқықтық кеңес берілді

Батыс Қазақстанда асыл тұқымды мал басына берілген субсидияны туған-туыстарына заңсыз аударып жіберу фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Мәселен, Ақжайық ауданында тұратын ерлі-зайыптылар өз атына шаруа қожалықтарын тіркеп, кейін малды бір-бірінен сатып алған. Ал заңға сәйкес ерлі-зайыптылардың жинаған мүлкі – олардың бірлескен ортақ меншігі. Осы тектес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында 350 шаруа қожалығына субсидия бойынша құқықтық кеңес берілді.
«Бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен арнайы қызметкер жергілікті ақарушы органға арнайы комиссар болып жіберілді. Бұл орайда барлық облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа талдау жүргізілді. Нәтижесінде 11 млрд қаржы үнемделді, яғни тиімсіз жұмсалудың алды алынды. БҚО тоғыз айдың қорытындысы бойынша республикада бірінші орынға шығып отыр», - дейді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллин.