Алматыда мұғалімдердің орташа жалақысы келесі жылы 320 мың теңгеге жетеді
2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңгені құрады
Алматыда келесі жылы 32-33 мың педагогтың жалақысы 25% - ға артады, бұл үшін қала бюджетінен 73 млрд теңге қарастырылған. Бұл турлы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалалық мәслихаттың отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
"Келесі жылы педагогтар мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қоры 170 млрд теңгені құрайды. Келесі жылы 32-33 мың педагогтың жалақысы 25% - ға артады, бұл үшін қала бюджетінен 73 млрд теңге қарастырылған. Егер 2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңгені құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 320 мың теңгеге дейін артады", - деді ол.
Бұдан басқа, келесі жылы кітапханашылардың, Техникалық персоналдың және білім беру саласының басқа да қызметкерлерінің жалақысын 22% - ға арттыру көзделген. Оған 9 млрд теңге бөлінеді.
Ол сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысы 30% – ға, орта медициналық персонал 20% - ға, кіші медициналық персонал 18% - ға ұлғайғаятынын алға тартты. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 350 мың теңгені, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 205 мың теңгені құрайды.