09.12.2022, 15:01
Жаңалықтар
Көкшетауда өртенген автобустан 18 адам эвакуацияланды
Оқиға бүгін болды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
Көкшетауда кәсіпорын қызметкерлерін тасымалдайтын автобус өртеніп, ішінен 18 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«10 ш.м. алаңда «ПАЗ-762» маркалы қызметтік автобустың жануы орын алды. Өрт 08:48-де оқшауланып, 08:55-те жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі – анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 11 қызметкері мен 2 өрт сөндіру машинасы шықты», – деді Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының аға инженері Асқар Сафаров.
Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауқажеттігін еске салады, сондай-ақ жүргізушілер автокөліктерін өрт қауіпсіздігіне тексерулері қажет.

Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
