06.12.2022, 11:18
Жаңалықтар
Бүгін Астанада екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Елордада қазіргі уақытта ауа температурасы -28 градусты көрсетіп тұр
Фото ашық дереккөзден
Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 2022 жылдың 6 желтоқсаны күні екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Астанада қала мектептерінде бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтан өтіп жатыр.
Елордада қазіргі уақытта ауа температурасы -28 градусты көрсетіп тұр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды