$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2020, 03:44
Жаңалықтар

Ақмола облысында 67 жастағы ер адам үсіп өлді

Боранды күні жолға шыққан елорда тұрғыны көлігінен бес километр жерде табылды

Ақмола облысында 67 жастағы ер адам үсіп өлді
Фото: ашық дереккөзден

Полицейлер жоғалып кеткен астана тұрғынының денесін автокөлігінен бес километр жерден тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, 67 жастағы ер адам қар құрсауында қалып қойып, жақындағы ауылға жол іздеуге шыққан.

Оны табу үшін арнайы іздестіру тобы жасақталды. Топ құрамына тәртіп сақшылары, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар кірді. Арнайы техника мен қарда жүретін көліктер қолданылды. Жоғалған адам 20 ақпан күні өлі табылды.

«Елорда тұрғынының денесі автомашинасынан бес шақырым жерден табылды. Алдын ала болжамға сәйкес, ол қарға батып қалғаннан кейін боранда жақын маңнан елді мекен табамын деп үміттеніп, көлігінен шығып кеткен», - деді облыстық ПД өкілдері.

Тәртіп сақшылары азаматтардан қалың қар жауып, боран соққанда қала және ауыл сыртына шықпауды сұрайды. Олардың айтуынша, дабылды ескертулерді ескеріп, жолда қауіпті жағдайға тап болғанда «112» мен «102» телефондарына хабарласу керекі.

Серіктес жаңалықтары