ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Семейде пара алған бөлім басшысына 9 млн теңге айыппұл салынды

Ол жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген

Фото: ашық

Жүйелі түрде пара алып келген Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жақында Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сәлімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған еді. Ол 2019 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін эскиздік жобалар мен ситуациялық схемаларды келіскені үшін жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген», - делінген хабарламада.

Семей қаласы № 2 сотының үкімімен Сәлімов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, оған 8 785 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.