$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2020, 00:52
Жаңалықтар

Қазақстанда жәндік өлтіретін улы химикаттарды сатуға тыйым салынды

Бұл санитарлық шара уақытша енгізілді

Қазақстанда жәндік өлтіретін улы химикаттарды сатуға тыйым салынды
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде жәндіктерді өлтіруге арналған улы химикаттардың сатылуына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану фактілерінің тіркелуіне байланысты 2020 жылдың 20 ақпанында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Н. Сәдуақасов «Санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу туралы» қаулы шығарды», делінген комитет хабарламасында.

Осылайша, 20 ақпаннан бастап 1, 2, 3 сыныпқа жататын қауіпті дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды.

Аталған уақытша санитарлық шара ҚР заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиян келтіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары