$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлеуметтік кодексте зейнетақы жүйесін басқаруға қатысты өзгерістер енгізіледі

Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова айтты

Әлеуметтік кодексте зейнетақы жүйесін басқаруға қатысты өзгерістер енгізіледі
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек министрлігі ұсынған Әлеуметтік кодексте зейнетақы жүйесін басқаруға қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді.

Бүгінде еліміздегі зейнетақы жүйесі үш ұрпаққа бөлінген. Бірінші аға ұрпақ – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан, толық еңбек өтілі бар зейнеткерлер. Екінші бүгінгі  ұрпақ – зейнет жасына 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жеткендер. Қазір осы топтағы зейнеткерлер 1,9 млн азаматты құрайды, олардың саны 2030 жылға қарай 2,6 млнға дейін жетеді деген болжам бар.

«Алдағы уақытта зейнет жасына жететін азаматтардың зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі азаюына байланысты төмен болғалы тұр. Ал бұл айырманың орнын толтыратын қордағы зейнетқы жинақтары әлі жеткіліксіз. Оның себептері өздеріңізге мәлім», - деді Тамара Дүйсенова.

Үшінші ұрпақ  –  болашақ зейнеткерлер. Олар зейнетке 2038 жылдан кейін шығып, мемлекеттен базалық зейнетақы, бірыңғай жинақтаушы қорынан жинақтаушы зейнетақысын алатын болады. 

Осылайша, ең әлжуаз ұрпақ бүгінгі және болашақ зейнеткерлер болмақ.

«Бұл проблемалардың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынады.

Бірінші - бүгінгі ұрпақ зейнеткерлері үшін алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері көбейтіледі; еңбек зейнетақысының көлемін есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыстың көлемі 46 дан 55 айлық көрсеткішке дейін немесе экономикадағы орта айлық жалақының 70 пайызына дейін артады», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, Кодекс жобасына өз активтерін басқару бойынша салымшылар құқығын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Енді белгіленген жеткіліктілік шектен жоғары зейнетақы жинақтарын азаматтар тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсайтын болады.

Серіктес жаңалықтары