$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда көпқабатты 71 үйдің жертөлесіндегі жылыту тораптарына жылу берілді

Жедел штаб барлық зардап шеккен үйдің тізімін жариялады

Екібастұзда көпқабатты 71 үйдің жертөлесіндегі жылыту тораптарына жылу берілді
Фото: жедел штаб

Екібастұзда 71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел штабтың Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жөніндегі қазіргі жағдайы туралы ақпаратына сүйенсек, 71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілген.

«Жедел штабтың жетекшісі — премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде», - делінген хабарламада.

Жедел штаб жүргізілген жөндеу жұмыстарының тізбесі берілген барлық зардап шеккен үйдің тізімін жариялады.

Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары