05.12.2022, 08:41
Жаңалықтар
Абай облысында астыртын цехтан 2,5 млн теңгенің алкогольді өнімі тәркіленді
Контрафактілік тауар көлемі 1,5 литрден асады
Абай облысында 1,5 мың литрден астам контрафактілік алкоголь өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған. Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады», - деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.
Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді.
Аталған дерек Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды