$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Республика бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады

Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар жауады
Фото: pexels

Синоптиктер 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен ҚР басым бөлігінде қар жауады, тек оңтүстік-батыста, орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метрге жетеді. Күндіз -19-21, түнде -26-28 градус болады.

Алматыда қар жауады, жел секундына 0-5 метр болады. Күндіз -3-5, түнде -7-9 градус болады.

Шымкентте де қар жауады, жел секундына 8-13 метрге жетеді. Күндіз -2-4, түнде -6-8 градус болады.

Серіктес жаңалықтары