$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде көлік салығын төлемегендердің қарызы  240 млн теңгеге жетті

Қазіргі кезде облыс бойынша салықты өндіріп алуға 5 мың ұйғарым берілген

Ақтөбеде көлік салығын төлемегендердің қарызы  240 млн теңгеге жетті
Фото ашық дереккөзден

Көлік салығын төлемеген ақтөбеліктердің темір тұлпарлары айып тұрағына қойылып жатыр. Қалалық полиция басқармасы, жеке сот орындаушылары және қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы Ақтөбеде рейд өткізіп жатыр. Жол бойында көліктерді тоқтатып, оларға берешегі туралы еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жыл басында берешек 560 млн теңгені құрады. Оның 240 млн теңгесі әлі де өтелмеді. Жүргізушілерге Салық кодексі түсіндірілді. Егер осылай жүре берсе, олардың жеке есепшоттары бұғатталып, шетелге шығуға тыйым салынады. Тұрғындардан берешекті уақытылы өтеуді сұраймыз», - деді Ақтөбе қалалық мемлекеттік кірістер басқармасыны орынбасары Айбол Жұмабаев.

Ақтөбе қаласы бойынша 3200-ден астам көлік иесі салық органдарына қарыз. Олардың ісі бойынша сот шешімі қазір жеке сот орындаушылардың қолында. «Борышкер» акциясы аясында көліктер тоқтатылып жатыр.

«Қазіргі кезде облыс бойынша салықты өндіріп алуға 5 мың ұйғарым берілген. Сонымен бірге 26 мыңнан астам әкімшілік айыппұл бар. Қазір «Автоқұйын» жүйесіне берешек адамдар туралы мәлімет енгізілді. Егер көшеде қарызы бар адамның көлігі анықталса, тоқтатылады. Қарыз адам сол сәтте берешегін өтейді. Болмаса көлік айып тұрағына қойылады. Күніне 7-8 көлік автотұраққа қойылып жатыр», - деді аймақтық сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Азамат Егізбаев.

Серіктес жаңалықтары