Астанадағы «Көктал-1» шағынауданында апат салдары жойылып, үйлерге толықтай газ берілді

Azattyq Rýhy

Кеше кешке аталған шағынауданда құрылыс техникасының кесірінен 236 абонент газсыз қалған болатын

Астанадағы «Көктал-1» шағынауданында апат салдары жойылып, үйлерге толықтай газ берілді
Фото ашық дереккөзден

Астанадағы «Көктал-1» шағынауданында апат салдары жойылып, барлық абонентке газ беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша «Көктал-1» тұрғын алабының барлық абоненттеріне газ беру толық қалпына келтірілді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пунктер шкафтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бүгін таңертеңгі сағат 9.00-ден №15 және №16 тарату пунктеріне жалғанған абоненттерге газ беріле бастады. Ал үшінші газ тарату пунктіне жалғанған 75 абонентке жылжымалы бу агрегаты қызмет көрсетеді.

Еске салсақ, кеше кешке аталған шағынауданда құрылыс техникасының кесірінен 236 абонент газсыз қалған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.