$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бес өңірінде рейстік автобустардың жолға шығуына тыйым салынды

Сондай-ақ, дизель отынымен жүретін көлік түрлерінің қозғалысы да шектелді

Қазақстанның бес өңірінде рейстік автобустардың жолға шығуына тыйым салынды
Фото ашық дереккөзден

Сынап бағанының күрт төмендеуіне байланысты еліміздің бес өңірінде жолаушылар автобустары мен дизель отынымен жүретін көлік түрлерінің қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -32 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі. Сондықтан сағат 19: 00-ден бастап осы өңірлерде шектеулер енгізілді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі нақтылап өткендей, Жетісу облысында Абай облысындағы температураның күрт төмендеуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 558-615 шақырымы аралығында, яғни Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскеде дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер мен жолаушылар автобустарының қозғалысына шектеу енгізілді.

Павлодар облысында Омбы-Майқапшағай тас жолының 426-587 шақырымы аралығы, яғни Павлодар қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесі белгілі бір көлік түрлері үшін жабық.

Қарағанды облысында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолының 249-320 шақырымы, яғни Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі арылығы жабық.

Серіктес жаңалықтары