Қазақстандық параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды

Azattyq Rýhy

Еліміздің атынан спорттың үш түрінен 27 спортшы қатысты

Қазақстандық параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Вилли-Реал-де-Санто-Антонио (Португалия) қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спортшы қатысты.

Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және парапауэрлифтингтен 27 спортшы қатысты. Нәтижесінде параспортшыларымыз жарыста 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.

IWAS ойындары – бұл мүгедектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға арналған халықаралық спорт. Дүниежүзілік ойындар әр екі жыл сайын өтеді. IWAS ұйымына 73 мемлекет кіреді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.