$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Халықтың бетіне түкіргені ме?»: Ерлан Саиров олигархтарды халықтан кешірім сұрауға шақырды

Депутат осы бойынша депутаттық сауал жолдайтынын да айтты

«Халықтың бетіне түкіргені ме?»: Ерлан Саиров олигархтарды халықтан кешірім сұрауға шақырды
Фото ашық дереккөзден

Екібастұзда жағдайды қазіргі күйге, яғни төтенше жағдайға дейін жеткізгені үшін олигархтар қала тұрғындарынан кешірім сұрауы керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ерлан Саиров Екібастұзда тікелей эфирдегі әрекеті туралы видео түрінде пікір білдірді.

«Екібастұз қаласында кеше күн өте суық болды. Біз 4-5 сағаттай далада жүрдік. Даладағы нысандардың барлығын көрдік, ЖЭО-ға бардық. Азаматтардың үйлерін араладық. Күн суық болғандықтан, әрине, тоңып қалдық. Дәл сол кезде журналистердің өтініші бойынша мен тікелей эфирге шықтым. Жол жерде түкірік болды. Ол жөнінде мен жұртшылықтан кешірім сұрап, түсініктеме бердім. Бірақ бұл жерде екінші мәселені қарастыру керек», - деді Саиров.

Депутаттың айтуынша, осындай жағдайға жеткізген олигархтар да кешірім сұрауы керек.

«Олигархтар мен сияқты халықтан кешірім сұрауы керек. Сонда олар халықтың бетіне түкіргені ме? Менің ойымша, бүгінгі таңда сол жағдайға жеткізген олигархтардың барлығы халықтың алдында кешірім сұрауы керек. Кешірім сұрау дегеніміз – мәдениет. Ол біздің болашағымызға деген үлгі-өнеге. Сондықтан қандай да бір кішігірім мәселе бойынша да халықтың алдына шығуға дайын болу керек. Бүгінгі таңда мен олигархтарды халықтың алдына шығып, кешірім сұрауға шақырамын. Ал олардың ісі бойынша мен депутаттық сауал жолдаймын», - деді Ерлан Саиров.

Серіктес жаңалықтары