Алматыдағы әуежай маңында заңсыз жер берген аудан әкімінің орынбасары қамалды
Ол заңсыз түрде 1 гектарға жуық жерді жекеменшікке өткізген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен изоляторға қамалғанын хабарлады.
Агенттік тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, М.Т.Рыспеков 2017 жылы Талғар ауданы архитектура және құрылыс бөлімін басқарып тұрғанда заңсыз түрде әуежай маңындағы 16 жер учаскесіндегі құрылыс жоспарын жасаған. Сол сызбанұсқа негізінде 1 гектарға жуық жерді жекеменшікке өткізген.
Рыспеков Қылмыстық кодекстің 128-і бабы бойынша айыпталып, қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, 5 қаңтарда Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат берген заңгер Бақытжан Базарбек әуежай айналасына жердің заңсыз таратылуына Талғар ауданы шенеуніктерінің қатысы бар деген ой айтқан.
Оқи отырыңыз: Үйіне ұшақ құлаған азамат өтемақы төленбей ме деп қауіптенеді
2019 жылдың 29 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматы әуежайы жанындағы жеке меншік нысанға соғылып, 13 ада қайтыс болды.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан