20.02.2020, 09:43
Жаңалықтар
Коронавирус: қауіпті індет құрбандарының қатары артып келеді
Қауіпті індеттен 2126 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Соңғы мәліметтер бойынша, әлем бойынша 75 713 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. 2126 адам індеттен көз жұмса, 16 231 адам ауруханадан жазылып шыққан. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі комитетіне сілтеме жасап South China Morning Post хабарлады.
Коронавирус ең көп тараған Хубэй провинциясында бір тәулікте 108 адам қайтыс болса, жалпы ел бойынша 108 адам көз жұмған.
NHK телеарнасының ақпаратына сәйкес, Diamond Princess лайнерінде коронавирустың алғашқы құрбандары тіркелген. Қауіпті індеттен екі адам көз жұмды.
Көп оқылған
28.08.2026, 11:05
Шұғыл: Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты
28.08.2026, 13:02
Ұзынағашта ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды
28.08.2026, 16:16
Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)