Бизнеске заңсыз араласқан 65 мемлекеттік қызметкер сотталды

Azattyq Rýhy

Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алуға байланысты

Бизнеске заңсыз араласқан 65 мемлекеттік қызметкер сотталды
Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде төраға орынбасары Асхат Жұмағалидің басшылығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс тобының және «Атамекен» Ұлттық палатасының кезекті кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Атамекен» Ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай, «Атамекен» Ұлттық палатасының құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылығы, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Кәсіпкерлердің өзекті және проблемалық өтініштері қаралып, топ жұмысының алдын ала қорытындылары шығарылды, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттер айқындалды.

Аумақтық департаменттердің қылмыстық істері бойынша бизнестің қатысуымен тергеу әрекеттері едәуір қысқартылды.

Бизнеспен мыңнан астам тергеу әрекеттерін жүргізуге жол берілмеді, бұл кәсіпкерлерді тергеу кабинеттеріне баруға, іс жүргізу іс-шараларына қатысуға артық уақыт жұмсаудың алдын алады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңсыз араласу және бизнеске қысым жасау фактілерін анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

«Жыл басынан бері осындай 72 факт анықталды, олар бойынша 165 сотқа дейінгі тергеу басталды, 112 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 65-і сотталды. Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты, соның ішінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою, рұқсат құжаттарын беру және басқалары жатады. Олардың жалпы құрылымдағы үлес салмағы 80% құрады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жоғарыда көрсетілген барлық фактілер бойынша мемлекеттік органдар басшылығының атына сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.