Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшы тағайындалды
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Қазақ политехникалық институтын (1989 ж.) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген.
1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;
2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды;
2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;
2021-2022жж. - Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;
2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
ҚР МҚК Құрметті қызметкері.
2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.
2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.