$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хакерлер 3,2 млн қазақстандық WhatsApp қолданушыларының деректерін қолды қылды – БАҚ

Хакерлік форумда 500 миллиондай нөмір көрсетілген база сатылымға қойылған

Хакерлер 3,2 млн қазақстандық WhatsApp қолданушыларының деректерін қолды қылды – БАҚ
Сурет: pixabay

Танымал хакерлік форумда WhatsApp қолданушыларының 500 миллионға жуық телефон нөмірлерінен тұратын база сатылымға қойылған, олардың арасында кейбір қазақстандықтардың да нөмірі жүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Cybernews басылымының мәліметінше, хакерлердің тырнағына 84 мемлекеттің тұрғындары ілінген, олардың 3,2 миллионға жуығы Қазақстан қолданушылары көрінеді. Аталған мессенджердің 2 миллиардтан астам қолданушысы бар десек, ұрланғаны оның төрттен бір бөлігін құрайды.

Сұранысқа сәйкес WhatsApp дерекқорын сатушысы басылым зерттеушілеріне үлгі тізім деректерімен бөліскен. Жалпы үлгіде 1097 британдық және 817 америкалық қолданушылардың нөмірлері көрсетілген.

Cybernews үлгіге енгізілген нөмірлерді зерттеп, олардың барлығы мессенджер қолданушылары екенін растады.

Серіктес жаңалықтары